Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Илон Маск бір сағатта 2,3 млрд доллар тапты

Илон Маск бір сағатта 2,3 млрд доллар тапты

Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz — Tesla акцияларының құны 2019 жылдың төртінші тоқсан қорытындылары туралы есеп бергеннен кейін күрт өсті.

Нәтиже 2018 жылдың қазан-желтоқсан айындағы көрсеткіштерден және сарапшылардың болжамдарынан асып түсті - тоқсандық кіріс 7,384 млрд долларды, акцияға түзетілген кіріс - 2,14 долларды құрады (болжам 1,72 доллар).

Айта кетейік, өткен жылдың соңғы тоқсанында Tesla 112 мыңнан астам электрокөлік сатты, бұл компанияның тарихында ең үздік нәтиже болды.

Tesla-ның жылдық қорытынды есебіне нарық өсіммен жауап берді. NASDAQ биржасында сауда-саттық жабылғанға дейін компания акцияларының құны 2,49%-ға өсті (бір данаға 580,99 долларға дейін). Алайда, биржа жабылып, есептілікті жариялағаннан кейін, қағаз бағасы бірден 11,62%-ға, бір данаға 648,5 долларға дейін көтерілді.

Bloomberg сарапшыларының мәліметтері бойынша бұдан кейін Tesla акцияларының 5/1 тиесілі Илон Масктың байлығы бір сағаттың ішінде 2,3 млрд долларға өсіп, шамамен 36 млрд долларды құрады.

Дегенмен, Bloomberg Billionaires Index рейтингісінде бұл өзгеріс әлі көрсетілмеген. Оның көрсеткіштері биржалық сауда-саттықтың жабылуының мәліметтеріне сүйене отырып, күн сайын жаңартылып отырады, сондықтан Масктың жағдайы қазір 33,6 млрд долларға бағаланады. Соңғы күні ол 545 млн долларға, ал 2020 жылдың басынан бері 6,09 млрд долларға өсті.

Forbes сарапшылары Масктың жағдайын қазіргі уақытта 32,3 млрд долларға бағалайды, олардың есептеуі бойынша, соңғы күні оның байлығы 496 млн долларға ұлғайды.

Похожие материалы