Алматы. 7 шілде. 7kun.kz - Твиттерде қолданушылар Илон Масктан су басқан Тайланд үңгіріндегі балалар мен олардың жаттықтырушысына қандай да көмек бере алатындығын сұрады. Илон Маск құтқару амалдарын ойластырып жүргенін айтып, бірнеше идеясын ұсынды. Олардың ішінде суды тартып шығару мен оның компаниясының аккумуляторын қолдану жоспары бар. Сонымен қатар, балаларды үңгірге нейлон құбырын тарту арқылы шығару жолын қарастырды.
Миллиардер SpaceX пен The Boring Company бір топ инженерлерін оқиға орнынан көмектесуге жіберетін болды. Құтқару жолдары мен олардың күрделілігі қашықтықтан шешілмек. Инженерлер Тайландқа бүгін аттанды.
Естеріңізде болса, 23 маусымда бір топ жасөспірімдерден құралған футбол командасы мен олардың жаттықтырушысы Тайландтың солтүстігіндегі Тхам Луанг үңгіріне жорыққа шығады. Алайда одан кейін топпен байланыс үзіледі. Іздеу барысында олардың қатты жаңбырдың салдарынан үңгір тұзағына түскені анықталды. Құтқару тобы оларды тапқанға дейін балалар мен олардың жаттықтырушысы үңгірде 10 күн бойы азықсыз қалған.
[caption id="attachment_92839" align="alignnone" width="640"] Фото: BBC[/caption]Ауа райының күннен күнге бұзылғандығынан үңгірді одан әрі су басу қаупі артып келеді. Енді құтқарушылардың уақыты да азайды. Балалар жүзу білмейді, ал үңгірдің құрылымына байланысты оларды әдеттегідей оңай шығаруға мүмкіндік жоқ. Сонымен қатар, үңгірде оттегінің біту қаупі бар. 6 шілдеде үңгірде қалғандарға оттегі баллондарын жеткізумен айналысқан Тайландтың 38 жастағы офицері Самарн Кунан қайтыс болды. Ол қайтар жолда есінен танған, оны құтқару амалдары сәтсіз аяқталды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024