Әлем. 18 қараша. 7kun.kz – Америкалық миллиардер Илон Маск Tesla Inc. басшысы ретінде кімді мұрагер қылып таңдау керектігі туралы шешім қабылдады. Бұл туралы компанияның директорлар кеңесінің мүшесі Джеймс Мердок айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Financial Times жазуынша, Мердок Делавэр сотына қатысты. 2018 жылы миллиардер алған акциялар түріндегі үлкен сыйақыға байланысты Маскке қарсы іс қаралды.
Сотта Мердок Илон Маск өзіне мұрагер таңдап қойғанын айтты. Оның айтуынша, таңдауды соңғы бірнеше айда жасаған. Алайда Мердок оның есімін айтқан жоқ.
Өткен жылы ғана Tesla басшысы мұрагер туралы ойламайтынын аатп өткен болатын.
Tesla акционерлері компанияның Маскқа 2018 жылы акцияларға 50 миллиард долларлық опциондар беру туралы шешіміне сот арқылы шағымдануға тырысуда. Себебі миллиардер өзінің «өмірінің соңына дейін Tesla бизнесіне белсенді түрде қатысу» ниетін ашық айтты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024