Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Илон Маск Tesla-дағы үлесін ұлғайтады

Илон Маск Tesla-дағы үлесін ұлғайтады
Алматы. 18 қазан. 7kun.kz - Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маск компанияның 20 млн долларға тең келетін акциясын сатып алуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы  CNBC АҚШ бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссия бас директорының мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады. Маск акцияны "ағымдағы нарықтық баға бойынша келесі ашық сауда терезесі ішінде" сатып алады деп күтіліп отыр. MarketWatch-тың мәліметтері бойынша, қазір Tesla-ның бір акциясы 277 доллардан сәл артық бағаланады. Бұған дейін АҚШ-тың бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі Комиссиясы Илон Маскті инвесторларды жаңылыстырды деп кінә тақты. Себебі  Маск компания акцияларының бір данасын 420 доллар бағасымен нарықтан сатып алуды ұсынды. Нәтижесінде директорлар кеңесіндегі лауазымнан босатылды.

Похожие материалы