АҚШ. 11 мамыр. 7kun.kz – Сарапшылардың пікірінше, осы арқылы Илон Маск әлеуметтік желінің модерациясын тоқтату туралы белгі берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Reuters хабарлауынша, Илон Маск әлеуметтік желіні сатып алған кезде АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа Twitter тарапынан салынған тыйымды алып тастайтынын айтты.
«Менің ойымша, бұндай тұрақты тыйымдар қолданушыларға Twitter-дің еркін пікір алаңы ретіндегі сеніміне нұқсан келтіреді», – дейді Маск.
Маск Twitter-ді сатып алу туралы келіссөздер «ең жақсы сценарийде» екі-үш ай ішінде аяқталуы мүмкін екенін атап өтті.
Twitter америкалық миллиардердің мәлімдемесіне түсініктеме беруден бас тартты.
Сондай-ақ Трамп тарапынан да ешқандай түсініктеме болған жоқ. Трамптың өзі бұған дейін Fox News арнасына Twitter-ге қайта оралмайтынын айтқан болатын. АҚШ экс-президентінің жеке әлеуметтік медиа қосымшасы Truth Social ақпанның соңында Apple App Store дүкенінде іске қосылған болатын.
Айта кетейік, Дональд Трамп соңғы уақытта жаңа платформада хабарлама алмасуды күшейтті. Ол негізінен соңғы аптада өзінің 2,7 миллион оқырманына шамамен 50 пост жариялады. Президент болған кезде ол күніне орта есеппен 18 твит жазатын еді.
Еске салайық, келіссөздер аяқталғаннан кейін Маск Twitter-дің уақытша бас директоры болады деп күтілуде.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024