Америкалық миллиардер, Twitter-дің иесі Илон Маск платформаның атын өзгерту туралы жоспары барын растады. Бұл туралы ол Twitter-де жазды.
1 мамырда T (w)itter Daily News порталы өзінің Twitter аккаунтында Масктың соңғы мәлімдемесі бар жазбаны жариялады. Онда бизнесмен Twitter-ді функционалдық мүмкіндіктерінің кеңеюіне «сай келмейтін бренд» деп атады. Ол сондай-ақ «Twitter-мен салыстырғанда X платформасы ұзағырақ жазбалар, бейнелер жариялауға, хабарламалар алмасуға және қаржылық қызметтерді пайдалануға мүмкіндік беретінін» айтты.
Бірнеше сағаттан кейін портал жазбасының астында Масктың пікірі пайда болды. «Бұл рас», - деп жазды ол. Алайда кәсіпкер егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.
Бұған дейін белгілі болғандай, осы Twitter әлеуметтік желісінің иесі Twitter компаниясы X Corp-пен біріккеннен кейін жұмысын тоқтатқан. Флорида округтік сотының шешіміне сүйенген БАҚ компаниялар 2023 жылдың 4 сәуірінде біріккен деп жазды.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024