Украина. 20 сәуір. 7kun.kz – Украинада жоғары жылдамдықты спутниктік интернетке қосылу провайдері – Starlink компаниясының кеңсесі ашылады. Бұл туралы Украинаның цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Қазір Украинаны заманауи Starlink технологиясынсыз елестету мүмкін емес. Ал бұл технология украиндықтар үшін одан да қолжетімді болады. Өйткені, бүгін тағы бір жағымды жаңалық алдық – Starlink Украинада өкілдігін ашу жұмысын бастады», – деді Федоров.
Айта кетейік, 26 ақпанда Михаил Федоров Илон Масктан Украинада Starlink қызметін қосуын сұраған болатын. Маск оған лезде жауап беріп, бір аптадан кейін елге тегін микробағдарламасы бар интернетке қосылудың алғашқы 500 жиынтығын жіберді. Михаил Федоровтың айтуынша, қазір Украинада 10 мыңнан астам Starlink «табақтары» жұмыс істейді.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





