Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - Шетелден әкелінетін шикізат, жартылай фабрикат және дайын тауарлар бағасы 10,4 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
2016 жылы импорттық тауарлар өсімі 8,2 пайызы құраған.
ТМД елдерінен жеткізілетін өнімдердің бағасы күрт өскен. Ал алыс шетелден келетін тауарлар құнындағы өсім баяулау.
2017 жылдың қаңтар-сәуірінде импорттық өнімдердің бағасы 2016 жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 10,4 пайызға артты. Ал 2016 жылы өсім 8,2 пайыз болған. Яғни 2015 жылға қарағанда 2,3 пайызға көп.
ТМД-дан тасымалданатын тауарлардың ішінде ең көп баға өсімін көрсеткен жартылай фабрикаттар (11,5%), дайын тауарлар (10,6%) және шикізат (5,9%).
Дайын тауарлар құрылымында құрылыс материалдарының құны жылдам өсті (20,2%), одан кейін азық-түліктік емес тауарлар (11,2%) және соңғы көлік, құрылғылар, транспорттық құралдар бағасы 9,5 пайызға қымбаттаған.
Баға түсімі байқалған жалғыз категория - ауыл шаруашылық өнімдері. 2017 жылы тауар бағасы өткен жылдың қаңтар-сәуірімен салыстырғанда 1,5 пайызға төмендеген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024