Бұл туралы Chocofamily Holding-тың негізін қалаушылардың бірі Рамиль Мухоряпов жазды.
InDriver такси қызметі командасының едәуір бөлігін Ресейден Қазақстанға көшіреді. Бұл туралы Chocofamily Holding компаниясы иелерінің бірі Рамиль Мухоряпов Instagram парақшасында хабарлады.
Қазақстандық кәсіпкерге inDriver негізін қалаушы Арсен Томский компанияның Қазақстанға тұрақты жұмыс істеу үшін көшетінін айтты.
«Арсен Томский негізгі команданың маңызды бөлігінің Қазақстанға қоныс аударғанын растады. Еліміз үшін тамаша жаңалық. Алматыға келген қонақтарды жылы қарсы алу керек. Ресейдегі және әлемдегі ең мықты мамандар енді Қазақстанда тұрып, салық төлеп, қаражат жұмсап, Қазақстан тұрғындарына білім мен технологияны үйрететін болады», - деп жазды Мухоряпов.
Айта кетейік, InDriver – орталықтандырылмаған модель бойынша жұмыс істейтін халықаралық жолаушылар көлігі қызметі. Онда сапардың барлық шарттары жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы келісім нәтижесінде анықталады. Сервистің әлемнің 39 елінде 100 миллионнан астам пайдаланушысы бар.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024