Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz – Индустриялардыру картасы бағдарламасы іске асырылған 4 жылда 44 мыңнан аса жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрі Роман Скляр хабарлады.
«4 жылда жалпы сомасы шамамен 4,9 трлн теңге болатын 480 жоба іске қосылып, 44 мыңнан аса тұрақты жұмыс орын құрылды», - деді Скляр.
Министрдің айтуынша, жобалар тау-кен-металллургия кешені, химия, фармацевтика, жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс индустриясы, энергетика, мұнай өңдеу, агроөнеркәсіп және ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу салаларында іске асырылды.
«Есепті кезеңде жалпы ішкі өнімді өңдеу 10,1%-дан 11,6%-ға, салалық жұмыспен қамту 6,6%-дан 6,9%-ға дейін өсті», - деді Роман Скляр.