Экономика
Выбор редактора
Инновациялық бизнес-идея үшін 3 млн теңге беріледі
"Бизнестің жол картасы - 2020" Бағдарламасының аясында кәсібін енді бастаған кәсіпкерлерге, әйелдерге, еңбекке қабілетсіз азаматтарға, мүгедек тобындағыларға және 50 жастан асқан тұлғаларға бизнесті дамытуға мемлекеттік грант берілетін болады. Жеңімпаздарға 3 млн теңге көлемінде қаржылай сыйлық беріледі деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Шарт бойынша, бизнес-жобаның идеясы жаңашыл болуы керек. Сондай-ақ, бизнес-жоба бәсекеге қабілетті болуы қажет, яғни маркетингтік сараптама жүргізіліп, аталған кәсіпорын өндіретін тауар немесе қызмет түрінің нарықтық сұранысы анықталуы тиіс. Бизнес-жобаның негізгі шарты байқауға қатысушының өзі де жобаны берілетін гранттың 10% көлеміндегідей мөлшерде қаржыландыруы керек.
Үміткерлер 2016 жылдың 1 және 15 маусымы аралығында Алматы қаласының Кәсіпкерлікті және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының индустриалды-инновациялық бөліміне құжаттарын жібере алады.