Экономика
IT, Технология
Instagram-дағы ең танымал 20 жер
Бүгінде әлеуметтік желі адам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған. Саяхаттап жүргенін, кіммен кездескенін - бәрін осы жерге салып отырады. Жақында Инстаграм желісі 2015 жылдың ең танымал геотегтерін жариялады.
Қолданушылар көп жағдайда геолокацияны қолданып, қайда жүргенін көрсетіп қояды. Нәтижесінде туристер ең көп баратын жер Диснейленд екені анықталды.
Екінші орында - Манхеттеннің отты шамдарына толы Таймс-Сквер алаңы. Нью-Йорктегі танымал жерлер мұнымен таусылмақ емес. Топ-20 ішінде Орталық саябақ, Мэдисон-Сквер-Гарден, Янки бейсбол стадионы (Yankee Stadium), Мұражай-метрополитен, Бруклин көпіріжәнеЭмпайр-стэйт-билдинг ғимараттары бар.
Бір қызығы, тізімнің ішінде Лондонның көрікті жерлері жоқ. Сондай-ақ, Ұлы Қытай қамалы, Сидней опера театры мен Римдегі Колизей театрының болмағаны таң қаларлық.
2015 жылы Instagram желісіндегі танымал 20 жер:
1. Диснейленд (Анахайм, Калифорния)
2. Таймс-Сквер (Нью-Йорк)
3. Орталық саябақ (Нью-Йорк)
4. Эйфель мұнарасы (Париж)
5. Disney World ойын-сауық саябағы (Флорида)
6. Лувр (Париж)
7. Доджер стадионы (Лос-Анджелес)
8. Пирс Санта-Моника (Санта-Моника, Калифорния)
9. Мэдисон Сквер Гарден (Нью-Йорк)
10. Қызыл алаң (Москва)
11. Universal Studios ойын-сауық саябағы (Лос-Анджелес)
12. Siam Paragon сауда орталығы (Бангкок, Таиланд)
13. Ibirapuera саябағы (Сан-Паулу, Бразилия)
14.Янки стадионы (Нью-Йорк)
15. Мұражай-метрополитен (Нью-Йорк)
16. Алтын қақпа көпірі (Сан-Франциско, Калифорния)
17. Бруклин көпірі (Нью-Йорк)
18. Эмпайр-стэйт-билдинг (Нью-Йорк)
19. Токиодағы Диснейленд
20. Париждегі Диснейленд.
Естеріңізге сала кетсек, Google компаниясы 2015 жылы Қазақстандықтар ең көп іздеген кілт сөздерді
жария еткен болатын.