Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Instagram жүктелетін суреттердің сапасын арттырды

Instagram жүктелетін суреттердің сапасын арттырды

Instagram сервиске жүктелетін суреттердің сапасын арттырды. Енді платформадағы суреттер бұрынғы 640x640 пискельдің орнына 1080x1080 анықтығында сақтала береді. Бұл туралы компанияның ресми өкіліне сілтеме жасап The Verge техноблогы жазады.

Жаңа қызметті кейбір тұтынушылар өткен аптадан бастап байқаған. Instagram-ға алғашқы салғанда суреттер бұрынғы сапасында қалады. Кейінірек парақшаның коды арқылы көргенде, олардың платформада жаңа форматта сақталғандығын байқауға болады. Порталдың атап өтуінше, толыққанды функция жақын арада іске қосылады. Жоғары сападағы суреттер iOS және Android нұсқасындағы қосымшаларда да жүктеледі. Көптеген тұтынушылар суреттердің 640x640 анықтықта жүктелуін ескі құбылыс ретінде бағалаған еді. Қазіргі жаңа заманғы смартфондар жоғары рұқсаттағы өте сапалы суреттер түсіруге мүмкіндік береді.

Похожие материалы