Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Интернет-ресурстарда қолданушылардың анонимді пікір жазуына тыйым салынуы мүмкін

Интернет-ресурстарда қолданушылардың анонимді пікір жазуына тыйым салынуы мүмкін

Астана. 27 қыркүйек. 7kun.kz — Интернет-ресурстарда қолданушылардың анонимді пікір жазуына тыйым салу, яғни қолданушылардың тіркелуін міндеттеу көзделіп отыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Министр интернет-ресурстарда қандай да бір пікір жазу үшін адам ең алдымен тіркелуі керектігін  айтады.

"Кейбір ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдар жасырын пікір қалдыра алмау, еркін ой айтуға нүкте қояды деп санайды. Бірақ біздің ойымызша,  пікір білдіруге бұл ешқандай кедергі жасамайды, қайта қолданушының ішкі тәртібін күшейтеді. Қазір қарап отырсақ, ұлтаралық, дінаралық жанжалға шақыру, жала жабу, жеке басқа тиісу, алаяқтық жасау оқиғалары көбейіп кетті. Соның салдарынан қарапайым азаматтар зардап шегіп жатыр. Сондай бір пікірдің кесірінен бірін бірі танымайтын адамдар жанжалдасып жатса не болады? Интернет қолданушылары өз әрекетіне жауап беруі керек деп ойлаймыз. Бұл талап бірте-бірте әр адамның ішкі фильтріне айналуы қажет. Оның үстіне қазір мұны жасау техникалық тұрғыдан қиын емес», - деді ол.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы