Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Инвесторлар үшін пайда әкелуі мүмкін бағалы қағаздар аталды

Инвесторлар үшін пайда әкелуі мүмкін бағалы қағаздар аталды
Алматы. 11 қазан. 7kun.kz - Технологиялық сектордағы америкалық акциялар 2018 жылдың соңына дейін қалпына келеді. "Фридом Финанс" сарапшылар департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімов осындай болжам жасады. Осы күзде инвесторлар америкалық биржаларда бірқатар компанияларды дұрыс бағаламаған. Әбдікәрімов атап өткендей, Facebook, Alphabet Inc және Boeing сияқты компанияларда 2019 жылдың соңына дейін баға белгіленімдерінің өсу әлеуеті бар. «Facebook-те өсу әлеуеті 30%,  Alphabet Inc-де 20%. Сондай-ақ, біз Boeing (15% әлеуеті) акциялары дұрыс бағаланбаған деп болжадық. Дамушы нарықтарда акцияларының өсуі күтілуде.», - деп түсіндірді сұхбаттасушы. Әбдікәрімовтың айтуынша, инвесторлар АҚШ банк секторларынан пайда таба алады.Сондай-ақ, 2018 жылдың соңына дейін Tesla-ның акция қағаздары $340-360 жетуі мүмкін.

Похожие материалы