Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

iPhone 14 те қателеседі

iPhone 14 те қателеседі

Алматы. 27 желтоқсан. 7kun.kz – Өткен демалыста АҚШ құтқарушылары iPhone 14 иелерінің жол апатына түскені туралы 70 жалған ақпарат алған. Бұл кезде әйгілі смартфон иелері шаңғы теуіп жүрген болып шықты, деп жазады news.mydrivers.com.

Жалған ақпаратқа кінәлі - iPhone 14-тің жол-көлік апаты кезінде ақпарат беретін функциясы болып тұр. Ақылды телефон иесі шаңғы теуіп жүрген кезінде жол апатымен шатастырып, құтқарушыларға белгі берген. Тек өткен демалыста ғана Колорадоның Саммит аймағындағы 4 шаңғы курортынан 71 жалған ақпарат келіп түскен. Олар байқаусызда «жол-көлік апатын анықтау» функциясын қосып қойған.

Құтқарушылар әр сигналға жауап беруге міндетті, сондықтан, жалған ақпарат тараған орынға баруға мәжбүр. Кейбір шаңғы курорты биікте болғандықтан олар тікұшаққа да шығындалады екен. iPhone 14-те апаттарды анықтау функциясының жиі қателесетінін Канаданың Ерікті іздеу-құтқару қауымдастығы да растаған.

Похожие материалы