Нұр-Сұлтан. 7 маусым. 7kun.kz - Бүгін Apple біз күткен жаңашылдықты жария етті. Біздің ел үшін бұл презентация аса маңызды, себебі жаңа iOS16 операциялық жүйесіне автотүзету функциясымен қазақ тілі қосылды, деп жазды Бағдат Мусин.
Мұндай сүйінші хабарды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасына жазды. Оның айтуынша, қазақ тілі 2019 жылы ресми тізімге енгізілген. Енді жасанды интеллекттің автоматты түрде түзететін функцияларымен іске қосылды.
«Бұл – қазақтілді қолданушылар саны артып, ана тілімізді әлем мойындап жатыр деген сөз», - деп жазды Мусин.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024