Алматы. 31 шілде. 7kun.kz — Жеті жылда алғаш рет iPhone сатылымы Apple Inc-тің тоқсандық кірісінің жартысынан азын құрады, алайда басқа гаджеттер мен аксессуарларды сатудан түскен түсім болжамнан асып түсті.
Apple басшысы Тим Кук осы өзгерістерді табысты әртараптандырумен байланыстырды,оның пікірінше, ағымдағы тоқсандағы нәтижелер Уолл-стриттің сарапшыларының болжамынан да жоғары болады.
IPhone-ның әлемдік сатылымдары 25,99 млрд долларға дейін 12%-ға төмендеп, Уолл-стрит болжамымен сәйкес келді. Алдыңғы тоқсанда олар 17%-ға төмендеді. Дегенмен, портативті электрондық құрылғылар мен басқа да аксессуарларды сатудан түскен түсім болжамнан асып, шамамен 50%-ға өсті.
Қызметтер бизнесінен түскен табыс 12,6%-ға артып, 11,46 млрд долларға жетті: өсу бәсеңдеп, күтілетін деңгейден төмен болса да, бұл сегмент Apple-дің жаңа рекордына жетті.
Компанияның хабарлауынша, ағымдағы тоқсанда 61 млрд доллардан 64 млрд долларға дейін түсім күтілуде, ал сарапшылар 61,02 млрд доллар түсімді болжайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024