Ипотекалық несие алу мүмкіндігінің шектелуі тұрғын үй бағасының арзандауына себеп болуы мүмкін
Ипотекалық несие алу мүмкіндігінің шектелуі және аталған несие талаптарының қатаңдануы Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның арзандауына себеп болуы мүмкін. Мұндай болжамды Homsters.kz сарапшылары жасап отыр.
Қазақстандық банктер ипотекалық несиелендіру көлемін қысқартып, үй сатып алуға арналған несие бағдарламаларының талап-шарттарын қатаңдатып жатыр. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметтеріне және отандық банктердің есептіліктеріне сәйкес, аталған сегменттегі 10 көшбасшы банктің ипотекалық несие қоржыны 2015 жылы бар болғаны 11%-ға өскен. 2014 жылы аталған көрсеткіш 26%-ды құраған еді.
Ал қайталама тұрғын үй нарығындағы бағалар ипотекалық несие толық тоқтаған жағдайда мүлдем төмендеп кетуі мүмкін. Себебі нарықтың бұл сегментінде үй сатып алуды қаржыландырудың ипотекадан басқа балама схемасы жоқ.
Ranking.kz агенттігінің есебі бойынша, 2014 жылдың үшінші тоқсанында банктердің ипотекалық қоржыны өсімін тоқтатқан, ал 2016 жылдың бірінші тоқсанындағы үй сатып алуға арналған несие көлемі соңғы бес жыл ішіндегі ең төмен деңгейге түскен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024