Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі аяқталады

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі аяқталады

Алматы. 2 мамыр. 7kun.kz – «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ ҚР Ұлттық банкінің ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша (бұдан әрі – Бағдарлама) шетел валютасында қарыз алған азаматтардан өтініштер 1 шілдеге дейін қабылданады, - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Теңгемен берілген қарыздар өтініштеріне мерзім бойынша шектеулер қойылмайды.

ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ-да 2019 жылғы 30 сәуірге шетел валютасында берілген 181, ұлттық валютада берілген 128 қарыз мақұлданды.

Бағдарлама ипотекалық несиелендіру саласында орын алған проблемаларды шешу, халықтың әлеуметтік осал және табысы аз топтарына тұрғын үй қолжетімділігін арттыру, ипотекалық төлемдер бойынша қаржы жүктемені жеңілдету, 2004-2009 жылдар аралығында ипотекалық қарыз алған азаматтардың жалғыз тұрғын үйін сақтап қалу үшін әзірленген.

Ай сайынғы төлемдер мөлшерін төмендету ҚР Ұлттық банкінің 2015 жылғы 18 тамызға ресми бағамы  - АҚШ-тың 1 доллары 188,35 теңге бойынша қарызды қайта есептеу арқылы мүмкін болады.

Одан басқа, халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар үшін (2015 жылғы 1 қантарға немесе өтініш берген күнге) қарыздар бойынша мөлшерлеме 3%-ды құрайды.

Бағдарламаның күші келесі критерийлерге сәйкес теңгемен берілген қарыздарға тарайды: 2004 жылғы 1 қантар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығында берілген қарыздар, 2015 жылғы 1 қантарға қарыз бойынша берешек 36 470 000 теңгеден аспайтын және кепіл мүлігі болып қарыз алушының жалғыз тұрғын үйі қойылған қарыздар (2015 жылғы 1 қантарға).

Ұлттық және шетел валютасында берілген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды  қайта қаржыландыру бағдарламасы талаптарымен  «ҚИК» ИҰ» АҚ www.kmc.kz сайтында немесе 8 800 080 44 48 жедел желі телефоны арқылы егжей-тегжейлі танысуларынызға болады.

Похожие материалы