Иранның мұнай министрі Бижан Зангане мұнай өндіруші елдерден әлемдік нарыққа шығуы үшін "жол ашуға" шақырды. Бұл туралы жергілікті Shana агенттігі хабарлайды.
Зангане санкцияларға байланысты Иранның өзінде өндірілетін отынның 60 пайызын экспорттау мүмкіндігінен айырылып отырғандығын атап өтті. Оның сөзінше, барлық мұнай экспортерлері Иранның қайта оралуындағы перспективаларды ескеруі қажет. Сондай-ақ, министр Үндістанның Иранға мұнай сатып алғаны үшін әлі де 7 млрд. доллар қарыз екендігін мәлімдеді. Оның сөзінше, санкцялар алынғаннан кейін қарыз еуро және рупи түрінде қайтарылады. Қазіргі мұнай нарығындағы жағдайды бағалай отырып, министр ОПЕК ұйымының бірде-бір мүшесі қазіргі мұнай бағасына риза еместігін атап өтті. "Ұсыныс сұраныстан асып отыр, бірақ осыған қарамастан бағалар жоғары болып тұр", - деді ол. 2015 жылдың сәуірінде халықаралық "алтылық" және Иран Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келісім шарттары туралы хабарлады. Маусымның соңына дейін нақты келісім жобасы дайын болуы қажет. Ираннан халықаралық санкцияларды алып тастайтындығы осы құжатқа байланысты болады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024