Иран мен халықаралық делдалық етуші "алтылық" (АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай және Германия) Тегеранның ядролық бағдарламасы жөніндегі өзара келісімге келді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлайды.
Екі жақты уағдаластық шарты бойынша, АҚШ пен ЕуроОдақ тарапынан Иранге енгізілген санкциялар тоқтатылады. Ол үшін МАГАТЭ Тегеранның келісімнің барлық талаптарын орындайтындығын нақтылауы қажет. Келісім-шарт толығымен орындалмаса, шектеулер тағы да күшіне енеді.
АҚШ президентінің атап өтуінше, бұл жағдайда Тегеран өте қатаң міндеттемелерге тап болады, халықаралық масштабтағы тексеріске түседі. "Егер бізде әлдебір күдік болса, біз тексереміз, - деді Барак Обама. Бірақ Америка тарапынан Иранның террористерді қолдауына және адам құқығына байланысты енгізілген санкциялардың күшінде қалатындығын мәлімдеді.
Сондай-ақ ол ядролық бағдарлама бойынша уағдаластықты бұл келісімді сынға алған Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен және Конгресспен талқылайтындығын хабарлады.
Иран мен халықаралық делдалдық етушілердің "алтылығы" бейсенбі күні кешке ядролық бағдарлама бойынша 30 маусымда дайындалған келісім-шарттың негізінде өзара мәмлеге келді.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдеуі бойынша, ирандық ядролық бағдарламаға бақылау жасау 10 жылдан 25 жылға дейін жалғасады. Жекелей алғанда, Иран 10 жылға дейін ядролық зерттеулері мен уран өндіру бойынша қуаттылығын шектейді. 15 жыл бойы уран өндірісі бойынша жаңа обьектілер салмауы қажет. Ал МАГАТЭ-нің Ислам Республикасындағы тексерістер 25 жыл көлемінде жалғасады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024