Қазақстан Иранға етті келісіне 3,5 долларға сатады. (1288 теңге/ 1 доллар 368 теңгемен). Бұндай келісім Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің Тегерандағы сапары барысында жасалды, деп хабарлайды KAZNEXINVEST.
Апта сайын отандық өндірушілер құны 60 мың доллар болатын 17 тонна етті экспорттайтын болады. Кездесу барысында Қазақстанның Иранға ет экспорттауына қатысты құны 30 миллион доллар келісімге қол қойылды.Сонымен қатар, қазақстандық фермерлер 1 млн долларға ирандық құс фабрикаларына жүгері жеткізетін болды.Естеріңізге сала кетейік, Тегеран қаласында өткен бизнес-кездесулерге екі елдің іскер топтарының 1000-нан астам өкілі қатысты. Сондай-ақ, сауда миссиясы аясында Қазақстанның алпыстан астам өндіруші-экспорттаушылары өздері шығарған өнімдерінің тұсаукесерлерін өткізіп, ирандық рынокқа шығу мүмкіндіктерін талқылады және осы кездесулер барысында машина жасау, құрылыс, химия, фармацевтика, тамақ өнеркәсібі өнімдері кеңінен таныстырылды.
Фото: metro.com.kz
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024