Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарындағы өндірістің табыстылығы 17,2%-ды құрады, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,5%-ға төмен. 2017 жылы өндірістің табыстылығы 28,7%-ға жетті. Мұндай деректерді finprom.kz жариялады.
Осы кезеңде өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 8,5 трлн теңгені құрап, тек 1,2%-ға өсті. Ал, 2017 жылдың IV тоқсанында өндіріс көлемі 23,4%-ға өсіп, 8,4 трлн теңгені құрады.
Өңірлік бөліністе өндірістің рентабельділігі бойынша Шығыс Қазақстан облысының ірі және орта компаниялары көш бастап тұр: 129,6%. Екінші орында Атырау облысы, онда рентабельділік коэффициенті 54,7% құрады. Қызылорда облысы көшбасшылардың үштігін 54,5% өндіріс рентабельділігімен тұйықтайды.
Кірістің ең төменгі коэффициенті Қостанай облысында — 8,2%. Бұл 28,4 млрд теңге сомасында облыстың ірі және орта кәсіпорындарының шығынға ұшырауына байланысты.
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында жұмыс істейтін компаниялар 2018 жылдың IV тоқсанында өндірістің тиімділігі бойынша ең жақсы нәтиже көрсетті: 76,9% (2017 жылы
— 55,1%).
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет: 7,7% (2017 жылы — 8,3%).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024