Экономика
Ішкі істер министрлігінде карта ұрлығымен күресетін басқарма құрылды
ҚР ІІМ-де “скиммер” атты есептеуіш құрылғының көмегімен тұтынушының банк картасындағы мәліметтерді ұрлап, жазып алатын қылмыскер-алаяқтарға қарсы күресетін арнайы басқарма құрылды. Басқарма күрес жұмыстарын банк қызметкерлерімен біріге отырып жүргізеді. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Bnews.kz хабарлайды.
Басқарманың мәліметінше, Алматыда 2013 жылдың наурыз-сәуір айларында осы тектес қылмыс түрінің екеуі тіркелген. Шұғыл іздестіру шараларында қылмысқа қатысы бар деген күдікпен шетел азаматтары ұсталып, сот орындарына тапсырылған.
“Банктің техникалық қызметкерлері банкоматтарды күн сайын тексеріп тұрады. Бұдан былай банкоматтарды тексеруде банкоматтардың сыртқы бөліктерінің бүтіндігіне, ішкі құрылымдарына, бағдарламалық жасақталуына аса жоғары мән береміз. Тұтынушыларға интернетте сауда жасарда аса абай болуды ескертеміз. Сатушының сайтына да назар аударуын, өздері жайлы ақпараттарды интернетте көп жазбауын, банк картасын пайдаланар кезде мұқият болуын, егер банкоматта қандай да бір күдікті нәрсені байқаған болса, міндетті түрде басқа банкомат қызметін пайдалануын немесе жақын жердегі банк бөлімшесіне барып, банк қызметкеріне жолығуын өтінеміз”, - деді басқарма басшысының орынбасары Уайс Ерекеш.
У.Ерекеш хабарлағандай скиммерді кез келген электронды-сандық қондырғылардың бөлшектерінен құрастырып алуға болады екен.
Қылмыстық кодексте алаяқтықтың бұл түріне 188-ші “Ұрлық” бабы бойынша үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Өткен аптада Астанадағы "Халық банк" банкоматтарының бірінде скиммер құрылғысы табылып, 48 төлем картасы бұғатталғаны туралы
жазған болатынбыз.
Мұндай жағдайға кез келген адам тап болуы мүмкін. Бұл туралы
7kun.kz танымдық дүниелер әзірлеген болатын. Скимминг туралы толығырақ танысқыңыз келсе, материалды
ұсынамыз. Сондай-ақ 7kun радиосынан скимминг туралы
тыңдасаңыз болады.