СҚО. 31 тамыз. 7kun.kz – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты кәсіпорын басшысын парамен ұстады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.
СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» ШЖҚ «Еңбек-Қызылжар» РМК филиалында жемқорлық фактісінің жолын кесті.
«2022 жылғы 23 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін осы мекеменің басшысы жеке кәсіпкерден пара алған кезде ұсталды. Күдікті Петропавл қаласының УҰИ-не қамалды», – делінген хабарламада.
Кінәнің толық танылуын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Кінәлілік дәрежесін сот анықтайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024