Алматы. 31 қаңтар. 7kun.kz — Ислам даму банкі Қазақстанның халал өнімдерін экспорттауға арналған үш жылдық жоба әзірледі. Бұл туралы банктің потенциалын көтеру департаментінің бас маманы Аминуддин Бин Мат Арифф хабарлады.
Оның айтуынша 2014 жылы әлемдік тауар айналымында халал өнімдердің үлесі 2,6 трлн теңгені құрады, ал 2015-2016 жылдың көрсеткіштері бұдан жоғары болуы мүмкін. Қазақстан осы нарықтың бір бөлігі болуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар 2 миллионға жуық мұсылман осы өнімді қажет етеді.
«Біз Қазақстандағы халал индустрияны нығайту үшін 3 бағытты нақтыладық. Бұл Қазақстан мен Малайзия арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» - деді Бин Мат Арифф
Сонымен қатар сарапшының айтуынша, Ислам даму банкінің делегациясы Қазақстанның ресми тұлғаларымен кездесіп бірнеше кәсіпорындарды аралады.
«Бізді халал өнімдерін экспорттағысы келетін бизнесмендердің іс-әрекеті таң қалдырды және біз оларға көмектесуге дайынбыз. Бірақ алдымен олардың тәжірибелерін байқауымыз қажет»,- деді Бин Мат Арифф
Банк өкілінің ойынша Қазақстандағы халал-индустрияны дамыту барысында тиісті стандарттарды әзірлеу қажет.
«Бұл тұрғыда Малайзияның тәжірибесі зор және біз оны бөлісуге дайынбыз. Қазақстанның ешқандай уақыт жоғалтпай жақсы базалар құруға мүмкіндігі бар»,- деді ол. Сонымен қатар сертификаттау жүйесін енгізіп,тауардың сапасын, сертификаттау жөніндегі органдардың жұмысын іріктеу қажет.
ҰЛДАЙ ЖАНЛБЕК «7»