Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ислам даму банкі Қазақстанның исламдық инфрақұрылымдарды интеграциялау бастамасын қолдайды

Ислам даму банкі Қазақстанның исламдық инфрақұрылымдарды интеграциялау бастамасын қолдайды

Алматы. 6 шілде. 7kun.kz –  Қазақстанның исламдық инфрақұрылымдарды интеграциялау бастамасын қолдаймыз,- деді Ислам даму банк тобының президенті Бандар Хаджар.

«Ислам даму банкі тобы 20 жыл бойы екіжақты ынтымақтастық аясында Қазақстанның бастамаларына қолдау білдіріп келеді. Біздің портфолиомыз шамамен 2,4 млрд долларға жетті және инфрақұрылымдар мен жеке секторды дамытуға бағытталған», - деді ол.

Оның айтуынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығы ТМД елдері аумағында исламдық қаржылық қызмет индустриясын дамытуды жоспарлап отыр. Ал, бұл Ислам даму банкі үшін 180 млн тұрғыны бар жаңа нарық саналады.

«Ислам даму банкі тобының аталған бастаманы Қазақстан Үкіметі жүзеге асыруында барлық қызметтері мен көмегін қолжетімді жасайды. Бұл Қазақстан мен біздің топ елдерінің арасындағы өңірлік және халықаралық ынтымақтастықтың дамуына серпін береді», - деді ол.

Похожие материалы