Алматы. 30 сәуір. 7kun.kz — «Павлодар» АЭА-та Италияның CHIMEC S.p.A. ірі мультиұлттық компаниясы қазақстандық KazMunaiHim компаниясымен бірлесіп химиялық реагенттер мен отынға арналған қоспалар өндірісін іске қосады.
«Павлодар» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Айбек Тұрсынғалиевтің айтуынша, кездесулер мен келіссөздерден кейін қазақстандық-итальяндық жоба АЭА-на ресми түрде кіреді.
«Сол арқылы олар жоба мен инвестициялардың бар екендігін растады. Нысанның құрылысына тек үш ай кетеді», - деді Тұрсынғалиев.
«Павлодар» АЭА қатысушысының ресми мәртебесін «KazFoil» ЖШС жобасы да иеленді. АЭА жаңа қатысушысы жұмысының негізгі бағыты - алюминий фольга өндірісі. Жылына 12 мың тонна өндіріледі, өткізу нарығы – Чехия, Германия және Түркия. Келесі қадам – алюминий профильдер өндірісі. Бұл өндірісті іске қосу алюминий кластерін дамытудың жалғасы болады.
Айта кетейік, арнайы экономикалық аймақтардың қызметін дамыту мен өндіруші кәсіпті қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасындағы басым сала ретінде көрсетілген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024