Италия үкіметі Еуроодақтың Ресейге қатысты экономикалық санкцияларының ұзартылуына қарсы шықты деп мәлімдеді Италияның Экономикалық даму министрлігінің жанындағы Сауда саясаты бойынша басқармасының басшысы Федерико Айхберг.
Дүйсенбі күні Миланда өткен конференцияда сөйлеген сөзінде ол: "Италия ақпаннан бері министрлер кеңесінің санкциялардың ұзартылуын жақтап дауыс бермейтіні туралы басын ашып айтып келеді. Біз Ресейге сенеміз", - деді.
Конференцияны Assolombarda итальян өндірушілерінің одағы мен Confindustria Russia Ресейдегі итальян бизнесін дамыту бойынша ұйым өткізді.