Алматы. 5 желтоқсан. 7kun.kz — Алматы облысында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшысы Жұмат Бегімбетов ұсталды. Бұл туралы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
"2018 жылғы 16 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Алматы облысы Жаркент қаласында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 262-бабының 2-бөлімімен (ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету), 194-бабының 4-бөлімімен (қорқытып алу) көзделген бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде тұрған трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі Жұмат Бегімбетовті ұстады" ,- деді хабарламада ҰҚК.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024