Экономика
Авто
Қиын келіссөз: Данияр Ақышев пен Әзірбайжанның қаржы министрі 250 млн доллар мәселесін талқылады
Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Кеше Лондонда Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев пен Әзірбайжанның Қаржы министрі Самир Шарифов кездесті. Бұл туралы haqqin.az хабарлады.
Кездесуде тараптар Қазақстан БЖЗҚ-ның Әзірбайжан Халықаралық банкіне инвестициялаған 205 млн долларын қайта құрылымдау мәселелерін талқылаған. Кездесуде ешқандай шешім қабылданған жоқ. Тараптар талқылауды орынбасарлары арқылы жалғастыруға келіскен. Әзірбайжан халықаралық банкінде қаражаттың жоқтығына байланысты Қазақстанның Ұлттық банкі кейін сатуға мүмкіндік болу үшін басқа облигацияларға айырбастауды қарастыруға дайын екендігін жеткізген. Алайда Әзірбайжанның Қаржы министрлігі Қазақстан Ұлттық банкінің салған қаражатты жылдам қайтаруды талап етуге заңды негіздемесі жоқтығын алға тартқан. Яғни, Әзірбайжан тарапы бұл нұсқаға да көнгісі жоқ. Кездесуде Әзірбайжан тарапы үш түрлі ұсыныс жасаған. Бірінші ұсыныс. 250 млн АҚШ долларына тең ХӘБ-нің қазіргі қарызын Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздары ретінде 200 млн АҚШ доллары қылып, 12 жылда 5,125 пайыздық үстемемен қайтару. Екінші ұсыныс. 250 млн АҚШ долларына тең ХӘБ-нің қазіргі қарызын Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздары ретінде 15 жылда 3,5 пайыздық үстемемен қайтару. Үшінші ұсыныс. 250 млн АҚШ долларына тең ХӘБ-нің қазіргі қарызын Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздары ретінде 7 жылда 3,5 пайыздық үстемемен 250 млн АҚШ доллар етіп қайтару. Д.Ақышев өз тарапынан бұған дейін Әзірбайжан Халықаралық банкіндегі қаржылық жағдайға алаңдап бірнеше рет хат жібергенін, Әзірбайжан тарапының үш рет салған қаражатты толықтай немесе бөліп қайтарудан бас тартқанын атап өткен. "2017 жылы ақпанда Moody's агенттігі ӘХБ рейтингін төмендеткен кезде Ұлттық банк тағы да хат жіберген еді. Сол кезде ӘХБ-нің ерікті қайта құрылымдау өткізуге дайындалып жатқаны белгілі болды", - деді кездесуде Ақышев. Оның айтуынша "қайта құрылымдау бойынша ұсынылған шешімдердің кез-келгені Қазақстан үшін шығын. Өйткені салынған қаражаттың үстінен түсуі тиіс болған табыстан айырады". ҰБ төрағасының айтуынша Ұлттық банк салымшылардың қызығушылықтарын қорғау мақсатында және жағымсыз жағдайлар орын алмас үшін ӘХБ-мен келіссөздерді жалғастырады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024