Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz - Бұған дейін бірқатар шулы оқиғалардың кейіпкері болған Алматы облысы, Ұйғыр ауданының әкімі Алимжан Тохтасунов қызметінен кетеді. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов «Время» басылымының тілшісіне берген сұхбатында айтты.
«Тохтасуновпен мәселе шешілді. Жақында оның орнына үлкен тәжірибесі бар маман келеді. Мен Тохтасуновты алып келгенде ол экономист, ауданға инвестиция тартады деп ойладым. Ол шынымен бұл бағытта жақсы жұмыс істеді. Бірақ мидан бөлек адами қасиеттер: адамдармен жұмыс істей білу де керек. Нәтижесінде ол шектен шыға бастады. Мен оны бағып отыра алмаймын ғой. Мұндай жаста қайта тәрбиелеу мүмкін емес. Жастарға өз ісіммен қалай жұмыс істп, адамдармен қалай тіл табысуға болатынын көрсете аламын. Ал оны қайта тәрбиелеу мүмкін емес», - деді Амандық Баталов.
Ол сондай-ақ өңірге белгілі кәсіпкер Алмасбек Садырбаев пен қала әкімінің орынбасары Асқар Тутубаев арасындағы жанжал туралы да пікір білдірген.
«Бұл іс мені жалықтыра бастады. Кір іш киімді ақтармаймын. Менің басқа жұмысым да жетеді»,-деді облыс әкімі.
Айта кетейік, Ұйғыр ауданының әкімі Алимжан Тохтасунов 2014 жылы әкім болып тағайындалған еді. 2017 жылы БАҚ-да оның қызметкерлерін балағаттап жатқаны туралы аудио жазба пайда болды. Бұл дау басылмай жатып аудан әкімі тағы бір шулы оқиғаның кейіпкері болды. Әкімнің шопыры Рамиль Камаев бастығының өзіне қол көтергені туралы арыз түсіріп, артынан қайтарып алған. Алайда бұл туралы БАҚ-ына тарап үлгерді. Бұл оқиғаларға қарамастан ол қызметін жалғастырып келген еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024