Алматы. 7 қараша. 7kun.kz – «Эйр Астана» 2019 жылдың бірінші жартысында FlyArystan атты бюджеттік әуекомпаниясын құрады.
FlyArystan әуепаркі эконом-кластағы 180 орынмен жабдықталған Airbus А320 ұшақтарынан тұратын болады. Бюджеттік әуекомпания Easyjet, Indigo, Cebu Pacific және Air Asia сияқты сәтті лоукостерлерді үлгі тұтып, лоукосттің классикалық үлгісі бойынша қызмет көрсетеді. FlyArystan нарықтағы бағалардан шамамен екі есе төмен авиабилеттерді ішкі бағыттарда сататын болады. Орта мерзімде бағыттық желі аймақтық шетел бағыттарымен толығатын болады.
Бастапқыда FlyArystan 4 ұшақты пайдаланып, 2022 жылға дейін әуе флоты 15 ұшаққа дейін кеңейетін болады. Әуекомпания рейстерді Қазақстанның бірқатар қалаларынан жасайды. Бағыттық желі туралы мәлімет бірнеше ай ішінде белгілі болмақ.
FlyArystan басшылығы «Эйр Астанада» 16 жыл бойы істеп келе жатқан жергілікті аға менеджерлерінен құралады. Ұжымға Cebu Pacific және Virgin Blue әуекомпанияларында 15 жылдан астам басқарушы қызметін атқарған Тим Джордан жетекшілік етеді.
FlyArystan «Эйр Астанадан» қызмет көрсету тәртібімен ерекшеленетін бюджеттік әуекомпания болғанымен, «Эйр Астана» бөлімшесі ретінде барлық қауіпсіздік пен сенімділік стандарттарына сәйкес екені туралы атап өту керек. «Эйр Астана» ұстанатын жоғары қауіпсіздік стандарттары мен реттеушілік үрдістері автоматты түрде FlyArystan компаниясында да қолданылады. «Эйр Астана» сияқты жаңа компания да толықтай өзін-өзі қаржыландыратын болады. FlyArystan акционерлер инвестициясын, мемлекеттік субсидия мен қандай да бір сыртқы қаржылай көмекті керек етпейді.
«FlyArystan толыққанды зерттеу мен ішкі бизнес жоспарлау нәтижесінде және тез ауыспалы жергілікті және аймақтық әуетасымалдау нарығының салдарынан туып отыр. Бюджеттік әуекомпанияның іске қосылуы «Эйр Астананың» қысқа және ұзақ мерзімді дамуына оң әсер ететініне, сонымен қатар төмен бағамен ішкі және аймақтық бағыттарда сапар етуге мүмкіндік алатын жергілікті туристер үшін көптен күткен жаңалық болатынына сенімдіміз», - дейді «Эйр Астана» президенті Питер Фостер.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024