Алматы. 27 наурыз. 7kun.kz – Азаматтық авиация комитеті «Эйр Астана» Нұр-Сұлтан – Токио – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауға Қазақстан тарапынан әуе тасымалдаушы етіп тағайындады.
2019 жылдың II жартыжылдығынан бастап «Эйр Астана» әуекомпаниясы Boeing 767 ұшағында аптасына екі рейс жиілігімен Токиоға тікелей рейстерді жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Комитетте атап өткендей, 2016 жылғы қарашада Жапониямен тікелей рейстер ашу үшін құқықтық база құрылды, оған сәйкес, екі елдің әуекомпаниялары әр жағынан аптасына 14 рейске дейін жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.