Алматы. 17 қаңтар. 7kun.kz - 2019 жылы 16 қаңтарда Алматы қалалық соты Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы 2018 жылы 28 қарашадағы шешіміне «Қазақтелеком» АҚ-тың түсірген шағымын қанағаттандырмады.
Осылайша, МАЭС-тың «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ты мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енді. «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) атынан депозиттер бойынша кепілді өтемақы «Қазпочта» АҚ арқылы төленеді. ҚДКҚ арнайы резервтің қаражаты есебінен «Қазпочта» АҚ-н Эксимбанктің 361 салымшысына төлем жасау үшін 248,9 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражатпен қамтамасыз етеді. «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның салымшыларынан өтініштер қабылдау және өтемақы төлеу алты ай ішінде – 2019 жылғы 4 ақпаннан бастап 4 тамыз аралығында жүргізіледі.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





