Алматы. 18 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-қарашада экспортталатын тауарларға баға – 23,4%, импортталатындарға 8%-ға жоғарылады.
Өткен кезеңде экспорттық жеткізілімдер бағасы мұнайға – 32,2%, табиғи газға – 25,3%, марганец кендеріне – 23,1%, темір кендеріне – 19,7%, мысқа – 17,1%, ферроқорытпаларға – 14,9%, қара метал илегіне – 12,6%, көмірге 8,6%-ға жоғарылады, қорғасынға – 12,4%, мырышқа 7,6%-ға төмендеді. Бағаның арпаға – 19,2%, бидайға – 16,8%, мақтаға 9,3%-ға жоғарылауы, олардың жүнге 4,2%-ға төмендеуі тіркелді.
Импортталатын өнімдерден жеміс және жаңғақтар – 59,4%, құс еті – 29,2%, балық – 15%, қант – 13,4%, көкөністер – 11%, шай – 10,1%, маргарин – 4,2%, фармацевтикалық өнімдер 3,4%-ға қымбаттады, какао 1,6%-ға арзандады. Баға аяқкиімге – 27,9%, құрылыс материалдарға – 19,4%, пластмассаға – 13,9%, тоқыма бұйымдарына – 13,1%, қағазға 13%-ға жоғарылады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024