Алматы. 8 тамыз. 7kun.kz – Жыл басынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілерінде өткен жылдағыдан 7%-ға артық жүк тиелді, деп хабарлайды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Биылғы жыл басынан бері жеті айда жүк айналымы 8,3% артып, өткен жылмен салыстырғанда 125,9 млрд тонно-км нетто құрады. Жыл басынан бері 144 млн тонна жүк тиеліп, өткен жылмен салыстырғанда 7% өсті. Жүк тиеудің өсуі түсті металл (7,6%), құрылыс материалдары (21,5%), астық өнімдерін тиеу (45%) арқылы көтерілді.
2018 жылғы мамыр-шілдеде екі миллион тоннадан астам көмір тасымалданды. Бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 35% жоғары көрсеткіш. Маусымда 850 мың тонна көмір тасымалданса, ол өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 74% жоғары көрсеткішті құрады.
Жыл басынан бері 6,3 миллион тонна астық тиелді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 45% жоғары көрсеткішті құрады. Оның ішінде экспортқа 4,7 млн тонна жіберілген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге жоғары болды.
Қаңтар-шілдеде 1,9 млн тонна ұн тиелсе, оның 1,4 млн тоннасы экспортқа жіберілді. Импорт көлемі де 9,7 млн тоннаға көтерілді. Теміржолдардың шекаралық түйісу бекеттерінде Қырғызстанмен (75%), Өзбекстанмен (10%), Қытаймен (3%), және Болашақ теміржол станциясында (12%) өскендігі байқалды.
Экспорттық бағдардағы жүк тасымалдау көлемі 46,5 миллион тоннаға жеткізілді. Ол өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5% жоғары көрсеткішті құрады. Шекаралық бекеттерде - Қытаймен (60%), Өзбекстанмен (33%), Түркіменстанмен арада екі есеге өсті. Ақтау теңіз порты арқылы жүк жөнелту көлемі 14% өсті.
Осы мерзімде Қазақстан аумағымен 2293 контейнерлік пойыз өткізілді. Олардың 897-сі Қытай-Еуропа бағдарына жөнелтілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге жоғары көрсеткіш. Кері қарайғы бағдарға 641 пойыз өткізілсе, ол 1,7 есеге өсті. Негізгі бағдар Ченду-Достық –Лодзь бағдарында өскен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024