Әйелдер кәсіпкерлігі 800 мыңға жуық қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Бұл туралы Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева хабарлады.
«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шағын және орта бизнесті дамыту, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру бойынша тапсырмаларын орындау жұмысы, әсіресе экономика саласында, әйелдердің қатысуынсыз мүмкін емес деген болатын», - дейді Р.Сәрсембаева. Статистика бойынша, бүгінгі күні Қазақстандағы әрбір екінші кәсіпкер – әйел адам. Миллионнан астам жеке кәсіпкерлердің – ШОБ субъектілерінің 41,5% әйелдер басқарады. Олар 795 мың жұмыс орнын қамтамасыз етіп отыр. 52 мыңнан астам қазақстандық әйел бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламаларына қатысты. «Қазір қазақстандықтардың таңдауға мүмкіндігі бар: жалдамалы еңбек ету немесе өз-өзіне жұмыс істеу. Әйелдер болса, көбінесе екінші нұсқасын таңдайды», - деп есептейді Р.Сәрсембаева. Оның пікірінше, Қазақстанда бизнесті жүргізудің теңдессіз жағдайлары жасалған. «ШОБ-ты 10 жылға не бары 6%-бен несиелейді. Мұндай шарттар басқа ешбір жерде жоқ деуге болады. Бұл Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін де жаңа серпін береді. «Нұрлы жол» бағдарламасын одан әрі іске асыру барысында жаңа жұмыс орындары ашылады, бұл жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың кірістерін өсіреді», - деп қорытындылады Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының басшысы.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024