Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әйелдер әлемдік ірі компаниялар топ-менеджерлерінің 5% ғана құрайды

Әйелдер әлемдік ірі компаниялар топ-менеджерлерінің 5% ғана құрайды
Бизнестегі жоғары және орта деңгейдегі басқару орындарындағы әйелдер саны өскенімен, олар ірі корпорацияларда қызмет ететін топ-менеджерлердің тек 5%-ын ғана құрайды. Бұл туралы «Бизнес пен басқарудағы әйелдер рөлін нығайту» атты баяндамасында Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) хабарлады. ХЕҰ 108 елде зерттеу жүргізген, оның 80-інде басшылыққа келген әйелдер саны көбейген. Әйел-басшылар ең көп кездесетін мемлекет – Ямайка (59,3%). АҚШ-та – 42,7%, Ұлыбританияда – 34,2%, Ресейде – 39,1%. Ең төмен көрсеткіш Йеменде (2%). Басқарма төрайымдарының саны бойынша көшті Норвегия (13,3%) мен Түркия (11,1%) бастап тұр. ХЕҰ сарапшылары бизнесте жоғары лауазымға қатысты алғанда қандай да бір гендерлік жеңілдіктер қарастырудың қажеті жоқ екенін айтады. Оның орнына талантты әйелдердің мансап жолында кездесетін қиындықтарды жоюға бағытталған іс-шараларды корпоративті этикаға енгізіп, өзгерістер жасау қажет. Баяндамада басшылықта отырған әйелдер саны мен компаниялардың жұмыс тиімділігі арасында оң байланыс байқалғаны атап өтілген. «Біздің зерттеуіміз еңбек нарығындағы әйелдер санының артуы жаһандық экономикалық даму мен бәсекелестікке қабілеттілікті нығайтуға үлкен серпіліс бергенін көрсетті», - деді ХЕҰ өкілі Дебора Франс-Массэн. ХЕҰ – БҰҰ-ның мамандандырылған мекемесі. Еңбек қатынасын реттестірумен айналысатын халықаралық ұйым 1919 жылы құрылған. Қазіргі уақытта оған 185 мемлекет мүше.  

Похожие материалы