Алматы. 16 шілде. 7kun.kz — Электросамокаттар мопедтерге теңестіріледі және жол қозғалысы туралы заңға сәйкес олардың иелеріне жаяу жүргіншілер аймағында жүруге болмайды. Бағынбаған жағдайда айыппұл салынады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев мәлімдеді.
Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, мопедтер - сағатына 4 кВт-тан аспайтын электр қозғалтқышы бар ең жоғары жылдамдығы сағатына 50 км-ден аспайтын екі доңғалақты көлік құралдары. Оларға сондай-ақ ұқсас техникалық мүмкіндіктері бар скутерлер мен басқа да көлік құралдары жатады.
"Біз оларды самокат деп айтып үйренгенбіз, шындығында, өндірушінің техникалық сипаттамасын қарасаңыз, ал самокаттар шетелден әкелінеді, онда олардың барлығы электр скутерлері ретінде шығарылатынын көресіз. Біздің жол қозғалысы туралы заңда скутерлер мопедтерге теңестіріледі деп жазылған. ЖЖЕ-не сәйкес, бізде мопедтердің қозғалысына қатысты талаптар бар. Тиісінше, аталған ережелер электросамокаттарды басқаратын адамдарға да қолданылады. ЖЖЕ сәйкес мопедтерді, оның ішінде самокаттарды басқаратын адамдарға веложол, велосипед жүру жолағы бойынша және егер ондай болмаса, онда жүру бөлігінің шетімен, оның ішінде маршруттық көлік құралдарына арналған жолақпен жүруге рұқсат етіледі. Тәуліктің қараңғы уақытында да мопедтерге қатысты талаптар бар, және бұл талаптар электросамокаттарға да қатысты, олардың жарықтар мен габариттік шамдары болуы тиіс", - деді Әлібек Кеңесбаев.
Оның айтуынша, көбі бұл талаптарды ескермейді.
"ӘҚБтК нормаларына сәйкес бізде жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігі бар. Ол Ол 615-баптың 1-бөлігі бойынша сараланады. Жол қозғалысының өзге қатысушылары ЖҚЕ бұзған жағдайда, олар мопед-самокат жүргізушілері саналып, оларға 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады",-деп түйіндеді Кеңесбаев.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан велосипедтер мен самокаттардың рөлінде жүрген азаматтарды сақтандыра бастады. Тек Алматыда өткен жылы олардың қатысуымен 114 ЖКО тіркелген.
Жыл басынан бері сегіз самокат иесі жол-көлік оқиғаларының қатысушылары болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024