Алматы. 11 қараша. 7kun.kz — Энергетика министрлігі мұнай өндірудің жылдық болжамын көтерді. 2019 жылы қара алтын өндірісі 90,5 млн тоннаға жетеді деп күтіледі. Ал 2018 жылы бұл көрсеткіш 90,4 млн тоннаны құрады.
Ведомствоның ақпаратаны сәйкес, 10 айдың қорытындысы бойынша республика бойынша мұнай өндіру көлемі 74,8 млн тоннаны немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,3%-ды құрады.
Елдегі үш ірі мұнай-газ жобалары бойынша мұнай өндіру: Қашағанда - 11,5 млн тонна, Теңізде - 24,6 млн тонна және Қарашығанақта - 9,1 млн тонна.
«Ағымдағы жылы негізгі өндіріс толықтай тоқтатылған кезде үш жоба сәтті жөндеуден өтті. Негізгі өндірістің тоқтауына қарамастан, жыл соңында күтілетін өндіру көлемі ұлғайған: Қашағандағы 13,5 млн тоннадан 14,5 млн тоннаға дейін, Теңіздегі 29 млн тоннадан 29,6 млн тоннаға дейін, Қарашығанақтағы 11 млн тоннадан 11,2 млн тоннаға дейін", – деп мәлімдеді Энергетика министрлігі және бұл болжамның өзгеруіне себеп болғанын атап өтті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024