Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

JPMorgan: Мұнайдың орташа бағасы барреліне 31,25 доллар болады

JPMorgan: Мұнайдың орташа бағасы барреліне 31,25 доллар болады

JPMorgan Chase сарапшылары 2016 жылға арналған мұнай бағасын болжап көрді. Олардың айтуынша, қара алтынның тым көп өндірілуі баға белгіленімін құбылтып отыр. Бұл туралы MarketWatch-қа сілтеме жасап, vedomosti.ru хабарлайды.

Сарапшылар 2016 жылы Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 31,25 доллар болатынын айтады. Ал бірнеше ай бұрын баррелі 48,88 доллар тұрған WTI маркалы мұнайдың бағасы 31,5 доллар деңгейінде болады дейді.

Жыл басынан бері аталған маркалардың бағасы 20%-ға арзандаған. Дүйсенбі күні мұнай құны 29 долларға бағаланды.

«Мұнай бағасының құлдырауы жыл басында базалық нарықтық көрсеткішке және Қытайдың ақша саясатына байланысты болуы мүмкін", - делінген JPMorgan жүргізген есеп нәтижесінде.

Ал Renaissance Capital сарапшыларының сөзінше, мұнай нарығындағы қиындық Иранға қарсы санкцияның алынып тасталуына да қатысты болмақ. "Осыған байланысты 2016-2017 жылдары мұнай бағасы барреліне 30 доллар болса әлемдік экономика өсімі 4,5% деңгейінде қалады. Ал баға 50 долларға өскен жағдайда өсім 6% болады", - дейді олар.

Фото: ortcom.kz

Похожие материалы