Jusan Bank Қазақстан қор биржасында «Қазақтелеком» АҚ-ның 983 мың жай акциясын немесе 9%-ын сатып алғаны туралы хабарлады.
Банктің хабарлауынша акцияларды ашық сауда алаңында сатып алған. Олардың бағасы сатып алу кезінде KASE-де белгіленген нарықтық бағаға тең.
Банк бұған дейін «Кселл» АҚ-мен қызмет көрсету ретінде banking as a service (OGO Bank) саласындағы бірлескен жобаны сәтті жүзеге асырған еді. Сонымен қатар Jusan тобына телекоммуникация және ақпараттық технологиялар саласында кең ауқымды қызметтерді ұсынатын жетекші байланыс операторы «Jusan Mobile» АҚ кіреді. Банк бұған дейін Tele2/ALTEL желісі негізіндегі Jusan Mobile виртуалды ұялы байланыс операторын іске қосты.
"Банк қолданыстағы стратегияға сәйкес телекоммуникация секторындағы, оның ішінде өзі акционер болып саналатын компаниялармен синергияны пайдалану мүмкіндіктерін іздеуді жалғастырады", деді банктен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024