Jýsan банк АТФБанк акцияларының 99,76%-ын сатып алады. Jýsan Bank пен Ғалымжан Есенов осындай келісімге келді, деп хабарлады АТФБанктің баспасөз қызметі.
Қараша айында тараптар АТФБанк акцияларын сатып алу-сату шартын жасайды. Шартты ҚР қаржы нарықтарын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдаса, АТФБанктің акционері Jýsan Bank қосымша эмиссиясының шеңберінде Jýsan банктің акцияларының бір бөлігін сатып алады.
Сонымен қатар, сатып алу-сату келісім шарты жасалғаннан кейін, екі банк біртұтас стратегия шеңберінде бірыңғай форматта жұмыс істейді деп болжануда.
АТФБанктің хабарлауынша барлық сервистері жұмысын стандартты режимде жалғастырады, клиенттер үшін қолданыстағы қызметтерін толық көлемде сақтайды.
Nege.kz порталының жазуынша 2007 жылы АТФБанк итальяндық каржы конгламераты «Unicredit» тобына 2,2 миллиард долларға сатылған. 2013 жылы Ғалымжан Есенов оны шамамен 500 миллион долларға сатып алды. Енді 90 миллион долларға сатпақ. Сонда 13 жыл ішінде «АТФБанк» доллармен есептегенде 24 есе арзандаған.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024