Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҰҚК басшысы "Ислам мемлекеті" атауының қолданылуына қарсылық білдірді

ҰҚК басшысы "Ислам мемлекеті" атауының қолданылуына қарсылық білдірді

ҰҚК-нің төрағасы Нұртай Әбіқаев террористік топқа қатысты "Ислам мемлекеті" атауын қолданбауға шақырды. Бұл туралы ол экстремизмге қарсы Орта және Оңтүстік Азия аймақтық конференциясында мәлімдеді.

"Өздерін "Ислам мемлекеті" деп атайтын "Даиш" террористік ұйымы түрлі елдердің он мыңдаған азаматтары жиналған діни-экстремистік интернационалға айналды. Біз саясаткерлер мен журналистердің "Даишқа" қатысты "Ислам мемлекеті" ұғымын қолданғанын дұрыс деп есептемейміз. "Мемлекет" терминінің қолдануы бұл ұйымға заңдылық статусын береді. Біз арнайы қызметте "Даиш" аббревиатурасын қолданамыз. Олар өздерін "мемлекет" деп қолданғанына қарамастан осы аббревиатурасын енгізген дұрыс деп есептейміз", - деді ол. "Бүгінде "Даиш" Солтүстік Африкадан Қытайға дейінгі аралықта Хорасан халифатын құру туралы идеяны белсенді түрде жүргізіп жатыр. Ұйымның қолдаушылары Ауғанстанда да пайда болды. Бұл "мемлекеттің" шекарасы біздің аймаққа да жақын. Сондықтан бізді алаңдатпай қоймайды", - деп атап өтті ҰҚК басшысы. Әбіқаев қазіргі уақытта экстремизмнің жаһандық проблемалардың біріне айналғандығын, тек белгілі бір елдер үшін емес тұтас аймақтар үшін тұрақсыздық факторына айналғандығын атап өтті. ҚР ҰҚК-нің төрағасының пікірінше, бұл қауіпті құбылыстан дамыған  елдерде де сақтандырылмаған. "Осыдан 4-5 жыл бұрын "Әл-Каидадан" қауіпті нәрсе болады деп ойлаудың өзі мүмкін емес еді. Ал бүгінде "Даиш" пен "Боко Харам" көлемі мен агрессивтілігі жөнінен "Әл-Каиданы" басып озды. Біз бүгінде жаңа деңгейге шықтық. Олар мемлекеттік, саяси, экономикалық және әскери құрылымдарға енуге тырысады. Жекелеген террористік актілерден диверсиялық-террористік соғыс сипатындағы үлкен операцияларға көшу тенденциясы жалғасып жатыр. Жаңа заманғы ақпараттық-психологиялық әсер ету әдістері қолданылып жатыр", - деп атап өтеді ҰҚК басшысы.

Похожие материалы