Экономика
Көлік холдингі: Жүргізушілер электронды билет беру жүйесін әдейі қоспай отыр
Алматы көлік холдингінің бақылау кеңесі мүшесі Рифат Абдурманов қалалық автобустарға орнатылған терминалдарда төлем жасауға байланысты туындаған мәселеге қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, қолма-қол төлемге мүдделі автобус жүргізушілері жүйені қасақана қоспай отыр.
Естеріңізге сала кетсек, 1 қазаннан бастап Алматының қоғамдық көліктерінде электронды билет беру жүйесі қосылған еді. Бірақ, көпшілік автобустарда терминалдар жұмыс жасамай тұр деген шағымдар түсіп жатыр. «Автопарктен шыққан бойда жүргізушілер өз жеке картасы арқылы маршрутты белгілеу керек. Жүргізушінің жанында тұратын бас терминалдан маршрутты анықтап, картаны тигізіп, "ОК" батырмасын басу керек. Карта содан соң төлем қабылдайды. Автобус жүргізушілері қоспай отыр деген сөз. Қолма-қол және жол жүру билеттерін алып тастамайынша, олар қолма-қол қабылдап жатыр», - дейді Абдураманов. Автобус ішіндегі терминалдар бас терминалға қарайды. Егер ол жүйеге қосылмаса, қалғандары да істемейді. Қазіргі таңда холдинг Алматы жолаушылар тасымалы басқармасына хат дайындап жатыр. Себебі, тұрғындар тарапынан шағымдар келіп түсе бастаған. "Оңай" электронды билет беру жүйесін қалай қолдану керектігі жөнінде мына жерден оқи аласыздар.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024