Алматы. 17 ақпан. 7kun.kz - 2016 жылы көлік саласына бюджеттен бөлінетін инвестиция 36 пайызға өскен. Дегенмен кәсіпорындардың өздерінің дамуы үшін бөлетін қаражатын қысқартып жатыр. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.
2016 жылы көлік және логистикалық компаниялардың капиталына бөлінген инвестиция көлемі 1,2 триллион теңгені құраған. Бұл 2015 жылғы көрсеткіштен төмен (-1%), бірақ 2014-2015 жылдармен салыстырғанда инвестицияның азаю процесі біршама бәсеңдеген.
Сараптама агенттігінің жазуынша, мемлекеттің инвестиция бөлуге дайын екенін көрген кәсіпорындар өз бюджеттерінен өздеріне бөлінетін қаржыны азайтқан. Осылай мемлекеттің қолдауымен берілетін қаржы көлемі өздерінің капиталдарынан асып түскен. (36,3% және 33,7%)
Бір жыл ішінде республикалық және жергілікті бюджеттен бөлінген инвестиция көлемі 7,3 миллиард теңгеге артса, кәсіпорынның өзіне құятын инвестициясы 69,5 миллиард теңгеге қысқарған.
Одан бөлек, көлік саласына келетін банк кредиттері басқа да кредиттік мекемелердің инвестициясы 38 миллиард теңгеге артқан.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024