Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Көлсай көлдеріне баратын жол күрделі жөндеуден өтеді

Көлсай көлдеріне баратын жол күрделі жөндеуден өтеді

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz - Биыл Алматы облысының аумағындағы табиғаты ерекше демалыс аймағы Көлсай көлдеріне баратын жол күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Инвестиция және даму министрлігінен жақсы жаңалық. Биыл Алматы облысы Райымбек ауданындағы ерекше аймақ Көлсай көлдеріне баратын жол күрделі жөндеуден өтетін болды. Саты ауылына дейінгі 45 шақырым жер болмаса жалпы жол жақсы жағдайда. Жыл сайын бұл маршрутпен мыңдаған экотуризмді жақсы көретіндер жүреді", деп жазды ол.

Сондай-ақ, облыс әкімі орынбасарының жазуынша "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жолы жасалып жатса да, Құлжа тас жолы қараусыз қалмайды. Күре жол бойындағы кезекті учаскеде орташа жөндеу жүргізіледі.

Похожие материалы