Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 315,28 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 315,28 теңге

Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 3 мамырда доллардың орташа бағамы 315,28 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайты хабарлады.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 314,83 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 315,51 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 315,47теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 90 млн 900 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 176.

Ақша айырбастау орындарында 3 мамырдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 16.30) Алматыда 315.7 теңгені құраған.

Похожие материалы